Мекеменің атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облыстық «Нектар» арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) мектепке дейінгі жастағы арнайы түзетім балаларын тәрбиелеу, оқыту, дамыту, қарау, күту мен сауықтыруды қамтамасыз ету үшін мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы «20» ақпандағы №84 қаулысымен құрылды. Қазіргі таңда, 16 топ бар. Оның ішінде 7 топ орыс тілінде, 9 топ қазақ тілінде тәрбие мен оқыту жүргізіледі.
Оқыту тілі — аралас (қазақ, орыс тілдерінде).
Мекеменің құрылтайшысы Ақтөбе облысының әкімдігі (бұдан әрі -Құрылтайшы) болып табылады.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Мекеменің тиісті саласын баскару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады. Ақтөбе облысының әкімдігі атынан «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекетік мекемесі
Мекеменің мемлекеттік мүлкін басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі — Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органы) болып табылады.
Балабақшаның жобалық қуаты-180 орын, жалпы ауданы – 6350,1 ш. м.
Мекеменің орналасқан жері: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алтын Орда 9 үй, 2 корпус.