Актюбинская область, г.Актобе,
МИКРОРАЙОН Алтын орда, 9/2
aktobe-sadik@mail.ru
8 (7132) 26-05-35
8 (7132) 26-05-04
Меңгерушінің ұялы телефоны: 87712305942
«Ақтөбе облыстық «Нектар» арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ваканттық бос лауазымдарға 2026 жылғы 24 маусым – 02 шілде аралығында жарияланған конкурс қорытындысы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес, «Ақтөбе облыстық «Нектар» арнайы балабақшасы» КММ-сінде ваканттық бос лауазымдарға конкурс өткізілді.
1) Конкурс жариялау нәтижесінде тәрбиеші лауазымына – 2 үміткер, дефектолог лауазымына – 5 үміткер өтініш беріп, қажетті құжаттарын белгіленген мерзімде тапсырды.
Конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарын зерделеп, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін және конкурсқа қатысу шарттарының сақталуын қарастырды.
2) Конкурсқа қатысушылардың құжаттары мен кәсіби біліктілігі қолданыстағы Қағидалардың талаптарына сәйкес бағаланып, конкурс кезеңдерінің қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің шешімімен 2 үміткер белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылды.
Осыған байланысты конкурстық комиссияның шешімімен:
тәрбиеші лауазымына – 1 үміткер;
дефектолог лауазымына – 1 үміткер
конкурс жеңімпаздары болып танылып, тиісті лауазымдарға тағайындауға ұсынылды.
Конкурс қорытындысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделді.

Послание Президента
Государственные символы